Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды

қазақстан жаңалықтары 2022-04-26 00:14:197286Kazakhstan Business DailyTengrinews.kz

image.png

Фото: ©Tengrinews.kz

Алматыда ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, монополиясыздандыру және ықтимал шығынды өтеу мақсатында Алматы әкімдігіне компания иелерінен "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің 70 пайыз мөлшеріндегі үлесін және "Alan Parking" ЖШС-нің 100 пайыз үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түскен.

Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы компаниялардағы үлестерді қайтару туралы тиісті қаулы қабылдаған.

Сондай-ақ, Алматы тұрғындарының шағымдары негізінде сервис сапасын арттыру мақсатында ақылы тұрақтар жұмысын жетілдіру үшін кешенді шаралар қабылданатыны айтылды.

Қазіргі уақытта компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған және бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды

Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.



Comment:

Comment record:

No data was queried!

Copyright Kazakhstan Business Daily All Rights Reserved.