Астанада велотректен ел чемпионаты басталды
Чемпионатта ерлер, әйелдер, жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар спринт, кейрин, топтық жарыс түрлерінен 10 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Велоспорт елімізде танымал спорттың бірі саналады. Жазғы Олимпиада ойындарында Александр Винокуров Сиднейде күміс жүлдегер болса, Лондонда чемпион атанған болатын. Былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында да жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.
«Міне, енді сіздердің араларыңызда да болашақ Олимпиада чемпиондары бар деп сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік!», деген Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Корбозов жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Байрақты бәсекеге Астана қаласы, Абай облысы, Алматы облысы, Ақмола облысы, БҚО, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, СҚО, ШҚО және көрші Өзбекстан мемлекетінен 199 спортшы тіркелді.
Қатысты оқу
- Ә. Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын тездетуді тапсырды
- Қазақстандық миллионер Forbes-қа өзі жайлы рұқсатсыз жазуға тыйым салды
- Посол Украины в Германии Мельник поприветствовал отставку главы ВМС ФРГ Шёнбаха
- Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды
- ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың бизнес өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзі Дереккөз: https://www
- В Британии решили отвлечься от внутренних проблем с помощью России
- Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшы болуы мүмкін - Энергетика министрлігі
- Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды
- Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды
- Письменное интервью Посла КНР в РФ Чжан Ханьхуэя российскому телеканалу RT