Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрерменге керемет классикалық музыка кешін өткізді. Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден өнер көрсетті, деп жазады

Мануэль Тэвар – Сан-Фернандо атындағы Корольдік бейнелеу өнері академиясы сыйлығының лауреаты, Нью-Йорктегі «Bradshaw & Buono» байқауының бас жүлдегері. Ол Еуропаның атақты оркестрлерімен өнер көрсетіп, Карнеги-холл, Рудольфинум, Вена концертхаусы, Берлин филармониясы, Мадридтегі Ұлттық аудитория және әлемге танымал сахналарда дирижерлік еткен. Кең ауқымды музыкалық білім мен тәжірибеге ие Тэвардың әрбір өнер көрсетуі –көркемдік талғам мен рухани еркіндіктің үйлесімді көрінісі.
Мақпал Қабден – қазақстандық фортепиано мектебінің жаңа буын өкілі. Париждің беделді музыка академияларында білім алған ол жеке шығармашылық пен ұстаздық қызметті табысты ұштастырып келеді. Оның концерттік қызметі Франция, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және өзге де елдерді қамтиды. Пианистің репертуары Мендельсон, Равель, Прокофьев сынды композиторлардың шығармаларын, сондай-ақ ХХ ғасырдың көрнекті туындыларын қамтиды. Мақпал Қабден Қазақстан мен шетелдің жетекші оркестрлерімен бір сахнада өнер көрсетіп, кәсіби сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болған.
Әлемдік классикалық музыканың ең үздік үлгілерін тоғыстырған концерттік бағдарлама, кәсіби музыканттардың шеберлігі көрермендерді тәнті етті.
Келесі: артық керек емес
Қатысты оқу
- Вупи Голдберг вернется во второй сезон сериала «Звездный путь: Пикар»
- Посол Украины в Германии Мельник поприветствовал отставку главы ВМС ФРГ Шёнбаха
- ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың бизнес өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзі Дереккөз: https://www
- Қазақстандық миллионер Forbes-қа өзі жайлы рұқсатсыз жазуға тыйым салды
- Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшы болуы мүмкін - Энергетика министрлігі
- Астанада велотректен ел чемпионаты басталды
- по итогам Совещания министров обороны государств – членов Шанхайской организаци
- Алматыда ақылы автотұрақтар әкімдік меншігіне қайтарылды
- SCO Defense Ministers' Meeting Held in Tashkent
- Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды